114 адам вирустан жазылды

Screenshot_6.png

13 мамыр күнгі ақпарат бойынша Түркістан облысында тағы екі науқас коронавирус инфекциясынан жазылды.

Атакент кентінің 1992 жылғы тұрғыны жүк көлігінің жүргізушісі 26-шы сәуір күні Қазан қаласынан оралған. Айтуынша, Қазан қаласынан Атакентке дейін жалғыз өзі келген. Дәл сол күні дереу Атакенттегі обсервациялық орталыққа жатқызылып, дәрігерлер бақылауына алынған. Талдама қорытындылары оның COVID-19 инфекциясына шалдыққанын анықтаған. Науқас шұғыл түрде Жетісай аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер пациентке екі аптадан астам уақыт ем көрсеткен. 28 жастағы азамат бүгін сауығып, аман-есен үйіне оралды.

Коронавирус инфекциясынан жазылған келесі азамат Мақтаарал ауданы, Мырзакент елді мекенінің 1995 жылғы тұрғыны. Ол 25-ші сәуір күні Атырау – Шымкент бағытындағы ұшақпен келген. Әуежайдан медициналық жедел жәрдем көлігімен тікелей Атакенттегі обсервациялық орталыққа жеткізілген. Сынама қорытындысы Covid-19 инфекциясын жұқтырғанын растап, Жетісай аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған. 13 мамырдағы талдама қорытындысы теріс нәтижесін көрсетіп, індеттен жазылған азамат ауруханадан шығарылды.

Жалпы Түркістан облысы бойынша коронавирус инфекциясынан жазылған азаматтар саны 114-ке жетті.


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: 114 адам вирустан жазылды