Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны 396-ға жетті

Қазақстанда 396 адам коронавирус ауруынан қайтыс болды. Бұл туралы үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Денсаулық сақтау министрі еліміздегі коронавирустық инфекцияның таралу жағдайына тоқталып, толыққанды ақпарат берді. 

"Қазақстанда 61 755 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, олардың ішінде 35 911 адам (58%) жазылып шықты, 25 448 адам емделуде. Коронавирустан қайтыс болғандар саны 396 адамды құрайды", - дейді Алексей Цой.