Коронавирустық инфекцияны жұқтырған маскалар туралы аудиожіберілімдегі ақпарат жалған
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «whatsapp» мессенджеріндегі Қытай Халық Республикасынан гуманитарлық көмек арқылы әкелінген коронавирустық инфекцияны жұқтырған маскалар туралы аудиожіберілімге қатысты мынаны хабарлайды.
Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
Сонымен қатар, басқа елдерден келіп түсетін барлық медициналық бұйымдар мен дәрілік заттар барлық белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігіне мұқият тексеріледі.
Бұдан басқа, осы жағдай бойынша ақпарат таратушының жеке басын анықтау үшін ішкі істер органдарына берілді.
Құрметті отандастар, әлеуметтік желілердегі дұрыс емес ақпаратқа ермей, тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз.
Сондай-ақ, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін адамдар ҚР ҚК-нің «Көрінеу жалған ақпарат тарату» деген 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Бөлісу тақырыбы: Коронавирустық инфекцияны жұқтырған маскалар туралы аудиожіберілімдегі ақпарат жалған