Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 26 адам қайтыс болды
Өткен тәулікте корнавирустан 20 адам, пневмониядан 6 адам қайтыс болды
Бір тәулікте коронавирус жұқтырған 256 адам және пневмонияға шалдыққан 723 адам анықталды.
Барлығы 13 мамырдан бері Қазақстанда 104 071 адам коронавирус жұқтырды, 1 481 адам дерттен қайтыс болды.
1 тамыздан бері пневмониямен сырқаттанған 21 264 адам тіркелді, 243 науқас көз жұмды.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 670 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 62 бала бар. Ауруханаларда 6 339 науқас жатыр. 8 331 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
"Жалпы науқастардың арасында 355 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 78 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 49 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылды", - деп хабарлады министрлік.
Өткен тәулікте 1470 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан, дерттен жазылғандардың жалпы саны 87 920 адам болды.