Түркістан: Cанитариялық дәрігерлер марапатталды

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 20 тамыздағы  жарлығы бойынша Түркістан облысы  Келес ауданы және Кентау қаласының  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері  Орызымбетов Спандияр , Егембердиева Газиза және Сайрам аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Зейнеп Құттыбаева   «Қазақстан Конституциясына 25» мерекелік медалімен марапатталды.

Screenshot_1.jpg

Департаменттің Аурухана ішілік инфекцияларды және медициналық ұйымдарды санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Мадина Ахметова Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің алығыс хатымен марапатталды.                                                                     

Бүгінгі таңда коронавирусты инфекциямен күрес жолында Санитарлық саланың қызметкерлері аянбай тер төгуде. Елдің амандығы жолында жасаған жанкештіліктеріңізді майталмандарына дендеріне саулық , отбасыларына амандық, еңбектеріне толағай табыс , шығармашылық шабыт тілейміз!

Қуаныштан самал болып жыр ескен,

Инфекцияны жою үшін күрескен.

Коронавирус атты тажал аурудан,

Құтқарам деп халық үшін тірескен. 


Кентауымның шашыраған күн нұры,

Ғазиза апай өз ісінің білгірі.

Мадина мен  Зина апайлар майталман,

Жұмыссыз боп өткен емес бір күні.


Спандияр  ағай  Келесімнің шырағы,

Әрқашанда шашылатын  шуағы.

Эпидемиологиялық ахуалға мән беріп,

Алдын алу оның басты ұраны.

Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі және Ж. Күздікбаева