Шымкент қаласының аумағында карантиндік және шектеу шараларын ұзарту туралы
ҚАУЛЫ
Шымкент қаласы | ПОСТАНОВЛЕНИЕ
город Шымкент |
29.08. 2020ж. №34
Шымкент қаласының аумағында карантиндік және шектеу шараларын ұзарту туралы
Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Жумабек Анашович Ержанов, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43-БМСД қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №43-ПГВр), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47-ПГВр «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі –ҚР БМСДҚ №47-ПГВр), «Шектеу карантиндік шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48-ПГВр қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №48-ПГВр), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 20 тамыздағы №49-ПГВр «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі –ҚР БМСДҚ №49-ПГВр), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 28 тамыздағы №50-ПГВр «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі –ҚР БМСДҚ №50-ПГВр), «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес, COVID-19 аурушаңдығының өсуіне байланысты халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 31 тамыз сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 14 қыркүйек сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын.
2. Шымкент қаласының тұрғындарына және қонақтарына:
2.1. адамдардың жиналуына байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын (еске алу, туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа);
2.2. 65 жастан асқан адамдардың қалада және басқа да қоғамдық орындарда жүруін шектелсін;
2.3. қалада жүріп-тұру кезінде маскаларды кию бойынша міндетті талаптарды сақтау және адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталсын;
2.4. үйлердің аулаларына және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға барып серуендеуге 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне рұқсат етілсін;
2.5. жалпы пайдалану орындарында орналасқан балалардың ойын алаңшаларына баруға 3 адамнан аспайтын топтарға рұқсат етілсін;
2.6. қоғамдық орындарға, адамдар көп жиналатын объектілерге барғанда, соның ішінде қоғамдық көліктерге кірген кезде маскаларды кию және қоғамдық орындарға барғаннан кейін антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптар қатаң сақталсын.
3. Шымкент қаласының әкіміне, мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен кәсіпорындарға, заңды тұлғаларға және кәсіпкерлік субъектілеріне, карантин кезеңінде келесі шараларды қамтамасыз етуді:
3.1. жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен, кеңсе қызметкерлерінің 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге көшіруді (штаттық кесте бойынша 30-дан астам қызметкер болғанда);
3.2. сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және адамдар көп жиналуға мүмкіндігі бар орындарда күнделікті дезинфекциялық іс-шаралар өткізуді;
3.3 ХҚКО жұмысын ұйымдастыру (оның ішінде арнайы ХҚКО) алдын ала Egov.kz, жеделхат-бот EgovKZBot 2.0 кезек брондау арқылы жүргізуді, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;
3.4. «Қазпочта» АҚ-ның, Call орталықтарының жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;
3.5. сыйымдылығы 30% аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метрді сақтаумен жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) азық-түлік базарлардың, азық-түлік емес базарлардың (мамандандырылған, киім, мал және автокөлік базарлары) жұмыс күндері сағат 06:00-ден 18:00-ге дейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;
3.6. орналасқан орнына қарамастан барлық азық-түлік гипермаркеттерінің, супермаркеттерінің, шағын маркеттері мен үй жанындағы дүкендерінің жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс уақыты шектелсін;
3.7. көше форматында ашық алаңда жұмыс жасайтын қоғамдық тамақтану нысандарының және 30 орынға арналған үстелдер орналастырылған үй-жайдағы қоғамдық тамақтану нысандарының (кафе, мейрамханалар, лаундж-барлар, спорт-барлар, барлар, асханалар, кофейнялар, кулинариялар) жұмысы сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін шектелсін;
3.8. құрылыс жұмыстарының және үздіксіз өндірістік циклмен жұмыс жасайтын құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысы қалыпты режимде ұйымдастырылсын;
3.9. медициналық ұйымдардың, дәріханалардың, процедуралық бөлмелердің, коммуналдық, теле-радио коммуникациялық және байланыс қызметтерін көрсету, адвокаттар, нотариустердің сонымен қатар адвокаттық және нотариустық кеңселердің жұмыстарын қалыпты режимде ұйымдастырылсын;
3.10. АЖБ (автожанармай бекеті), АЖБ жанындағы дүкендердің, ТҚО, шиномонтаждың, өзіне қызмет көрсететін автожуу орындарының жұмыстары қалыпты режимде ұйымдастырылсын;
3.11.белгілі бір топтардың (ауысымдық жұмысшылар, медицина қызметкерлері, спортшылар) орналастыруға келісім шарты бар объектілерді қоспағанда, туристік объектілер мен халыққа жатын орындарды ұсынатын қызметтердің саласындағы нысандардың қызметі (қонақ үйлер, демалыс үйлері, туристік базалар және басқалар) қонақтардың (клиенттердің) саны жобалық қуаттылығынан 50% дан аспаған жағдайда, сонымен қатар, қосымша қызметтерді (тамақтану, кір жуу, үтіктеу және басқалар) тек қонақ үй бөлмелерінде көрсету ұйымдастырылсын;
3.12.ойын-сауық, спорттық, жаттығу және бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларды, форумдарды, конференцияларды, семинарларды адамдардың көп жиналу орындарында, сонымен қатар үйлерде өткізуге тыйым салынсын;
3.13.спорт оқу-жаттығу Ұлттық құрамадағы, клубтық командалық (30 адамнан аспайтын,қатынассыз термометрия, спорттық базада тұру), жеке және 5 адамнан аспайтын топтық жеке және топтық жаттығуларды өткізуге рұқсат етілсін;
3.14.балалар коррекциялық-түзету кабинеттерінің/орталықтарының, білім беру орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелердің, балалар мен ересектерге арналған курстардың (жазылу арқылы 5 адамнан аспайтын) жұмыс күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;
3.15. кезекші топтарын (топта 15 адамнан аспайтын) қоспағанда балалардың мектепке дейінгі ұйымдарының және сауықтыру лагерлерінің жұмысы тоқтатылсын;
3.16. жеткізу және шығару режимінде, жұмыс кестесі сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін қоғамдық тамақтану нысандарының жұмысын қоспағанда, жұмыс және демалыс күндері 30-дан астам отыратын орны бар ғимараттарда орналасқан қоғамдық тамақтану нысандарының жұмыс істеуіне тыйым салынсын;
3.17.аквасаяжайларының, жағажайлардың жұмыс істеуіне тыйым салынсын;
3.18.спорттық объектілердің (фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, жабық спорттық құрылымдардың, спорттық үйірмелердің) 5 шаршы метр бір келушіге, сыйымдылығы 50% аспайтын, алдын ала жазылу бойынша 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс күндері жұмысын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;
3.19.СПА-орталықтары, әсемдік салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін орталықтары мен салондары (алдын ала жазылу бойынша бір келушіге 4 шаршы метр) жұмыс уақытын шектеу арқылы 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс күндері жұмысын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;
3.20.қоғамдық моншалардың және сауналардың сыйымдылығы 50% аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метр жұмыс уақытын шектеу арқылы 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс күндері жұмысын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;
3.21.саяжайлардың, скверлердің, жағалаулардың жұмысы қалыпты режимде жүргізілсін;
3.22.жабық аттракциондардың жұмысы тоқтатылсын, ал ашық алаңда орналасқан аттракциондардың жұмысы 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс күндері жұмысын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;
3.23.көңіл көтеру мекемелерінің (бильярд, караоке, боулинг-орталықтар, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, букмекерлік және т. б.) жұмысына тыйым салынсын;
3.24. мәдениет объектілерінің, кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне рұқсат беруді (жеке және топтық 30 адамнан аспайтын репетицияларға қатысушылар) 09:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс күндері жұмысын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;
3.25. ҚР БМСДҚ №43-ПГВр бекіткен алгоритмдерге сәйкес және ұжымдық іс-шараларды өткізбей, діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) қызметі жұмыс күндері қалыпты жағдайда ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;
3.26. дүңгіршектердің, оның ішінде піскен тағамдарды, фастфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар сататын нүктелердің жұмысы 09:00-ден 21:00-ге дейін ұйымдастырылсын;
3.27.авто жуу нысандардың жұмысы уақыты шектеліп 09:00-ден 21:00-ге дейін ұйымдастырылсын;
3.28. сыйымдылығы 30% аспайтын және бір келушіге 4 шаршы метрді сақтаумен сауда-ойын орталықтарының, сауда үйлерінің (дүңгіршіктер), сауда желілерінің жұмысы шектеліп 09:00-ден 21:00-ге дейін дейін жұмыс күндері жұмысын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;
3.29.кинотеатрлардың, сауда-ойын-сауық кешендері мен орталық үйлердің ішіндегі балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батуттар мен фудкорттардың, жәрмеңкелердің жұмысына тыйым салынсын;
3.30. Шымкент қаласындағы автовокзалдардың, автостанциялардың жұмысын ұйымдастыру, қалааралық облысішілік автобус, шағын автобус жүруі қалыпты режимде ұйымдастырылсын;
3.31.медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат үлгісіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау қамтамасыз етілсін;
3.32.қаржы нарығындағы субъектілерге жұмыс уақытын шектеу Қазақстан Республикасының Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және даму агенттігінің актілеріне сәйкес ұйымдастырылсын;
3.33. гүл сататын нысандардың қызметі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) 06:00-ден 21:00-ге дейін ұйымдастырылсын, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;
3.34. контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі мектептердің; мектеп алды, 1-4 сыныптардың білім алушылары үшін ата-аналарының өтініші бойынша сыныптардың жиынтығы 15 баладан аспаған жағдайда білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптардың жұмыс істеу қалыпты режимде ұйыдастырылысын;
3.35. бір адамға су бетінің 5 ш.м. есебімен жеке форматта, алдын ала жазылу бойынша бассейндердің қызметі 09:00-ден 21:00-ге дейін ұйымдастырылсын, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын;
3.36. ҚР БМСДҚ №50-ПГВр бекіткен алгоритмдерге сай кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз өткізуге рұқсат беруді (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);
3.37. ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, арнайы мектеп-интернаттардың, жалпы типтегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметі қалыпты жағдайда ұйымдастырылсын;
3.38.осы қаулыда көрсетілмеген объектілердің жұмыс уақыты шектеліп, 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс күндері жұмысын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жұмыстары тоқтатылсын.
4. Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қаласының аудандарының әкімдеріне, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына, денсаулық сақтау субъектілеріне және меншік нысанына қарамастан жеке кәсіпкер субъектілеріне:
4.1. жұмыс күндері қоғамдық көлік қозғалысының уақыты сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін шектелсін, демалыс күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылсын. Бетперделердің киілуі, толтырылуы отыратын орын санынан аспауы қадағалансын;
4.2. адамдардың аялдамаларда және қоғамдық көліктерде шоғырлануын болдырмаудың мақсатында көлік құралдарының (автобустардың, шағын автобустардың) желіге барынша шығуын, қозғалыстың біркелкі кестесі ұйымдастырылсын;
4.3. қоғамдық көлікті, автобус аялдамаларын, адамдар көп жиналатын жерлерді қоса алғанда, қала аумағын дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеумен қамтуды қамтамасыз етуді және карантин аяқталғанға дейін көрсетілген жұмыстарды күн сайын жүргізу қамтамасыз етілсін;
4.4. Шымкент қаласының аумағында, мөлтек аудандардың, тұрғын үй алабтарының, көп қабатты тұрғын үйлердің аумағында және ұйымдардың қоқысқа арналған алаңшаларын жоспарлы үнемі тазалауды, күнделікті тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды шығаруды және қоқысқа арналған контейнерлерді тазалау, дезинфекциялау, жуу қамтамасыз етілсін;
4.5. инфекциялық және провизорлық стационарлардың аумағын күнделікті дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып залалсыздандыру іс-шаралары қамтамасыз етілсін.
5. Меншік нысанына қарамастан Шымкент қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларына және жеке кәсіпкерлерге карантин аяқталғанға дейін:
5.1. бетпердені, қолғаптарды кию (халыққа қызмет көрсету кезінде) және антисептиктерді пайдалану бойынша талаптарды қатаң сақтау. Халыққа қызмет көрсететін объектілерге қызметкерлерді бір реттік қолғаптармен, оларды уақтылы ауыстыруды және температура өлшеу құралдарымен қамтамасыз етуді;
5.2. қызметін жүзеге асыратын барлық объектілерде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қамтамасыз етілсін (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді, дезкілемшелерді орнату, ғимараттарды күніне кемінде екі рет өңдеу, залалсыздандыру құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету);
5.3. персонал мен келушілердің санитариялық-карантиндік және шектеу шараларын сақталуын қадағалау қамтамасыз етілсін;
5.4. атқаратын қызметті ҚР БМСДҚ бекіткен алгоритмдерге сәйкес жүргізілсін;
5.5. барлық объектілерде, оның ішінде қоғамдық көлікте, таксиде санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы және дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу қамтамасыз етілсін.
6. Шымкент қаласының аудан әкімдері, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығына:
6.1. өз жұмысын қайта бастаған нысандарға санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды және басқа да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын мониторингпен қамтамасыз етілсін;
6.2. карантин кезеңінде белгіленген шектеу іс-шараларын және басқа да талаптарды бұзу, орындамау анықталған кезде, тиісті әкімшілік шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге сәйкес нысандардың қызметін тоқтата тұру жөнінде шаралар қолдансын.
7. Шымкент қаласының әкімдігі, Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аудандық басқармалары, Шымкент қаласы полиция департаментіне, Шымкент қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасына, кәсіпкерлік субъектілерімен және жеке тұлғаларымен қамтамасыз етілсін:
7.1. «InfoKazakhstan.kz» сайынан электрондық форматта берілетін санитариялық нормаларға сәйкестік Актісінің негізінде объектілердің қызметін қайта бастауды;
7.2. қоғамдық мониторинг мүмкіндігі үшін объектінің кіреберісінде санитариялық нормаларға сәйкестік актісін көрнекті жерге орналастыруды;
7.3. шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін «InfoKazakhstan.kz» сайтында жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды хабардар етуді;
7.4. бұзушылықтарды жою үшін кәсіпкерлердің уақтылы шаралар қабылдауы мақсатында шағымдарды және карантин режимін бұзу фактілерін орналастыру үшін «InfoKazakhstan. кz» сайтты пайдалануды;
7.5. шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді жүзеге асыратын инспекторлардың, аудиторлық ұйымдардың тізімін «InfoKazakhstan.kz» сайтына орналастыруды;
7.6. «InfoKazakhstan.kz» сайтындғы объектінің паспортына келушілердің үй-жайлардың жоспарланған толтырылуы туралы мәліметтерді кәсіпкерлік субъектілерді енгізуі (шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес, осы қаулыға және № 43 ҚР БМСДҚ, № 47 ҚР БМСДҚ, № 50 ҚР БМСДҚ қосымшаларда айқындалатын 1 адамға белгіленген алаң ескеріле отырып айқындалады және енгізіледі);
7.7. объектілер белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде бизнес объектілерінің қызметін қайта бастауға арналған Актіні «InfoKazakhstan.kz» электрондық портал арқылы электронды түрде беруді;
7.8. жұмысын тоқтатқан нысандармен коронавирустық инфекциясын алдын алу мақсатында олардың жұмысын қайта бастау, санитариялық-дезинфекциялық іс-шараларды және басқа да санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақтауы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
8. Күші жойылды деп танылсын:
8.1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 15.08.2020 жылғы №32 қаулысы;
8.2. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 19.08.2020 жылғы №33 қаулысы.
9. Қаулының талаптарын, нысанның меншік иесіне қарамастан, барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы міндетті.
10. Осы Қаулы бұқаралық ақпарат құралдарда жариялансын, барлық мүдделі ведомстволар мен ұйымдардың назарына жеткізілсін және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.
11. Осы қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.
12. Осы қаулы 2020 жылғы 31 тамыз сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Шымкент қаласының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
орынбасары Ж.Ержанов
Бөлісу тақырыбы: Шымкент қаласының аумағында карантиндік және шектеу шараларын ұзарту туралы