Дәрігерлер өтемақысына қатысты Алексей Цойды Мәжіліске шақыртты

Screenshot_7.jpg

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирусқа шалдыққан медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеу мәселесі Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың қатысумен қаралатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл тақырып (дәрігерлерге төлем жасау) өте өзекті. Жақын арада «Nur Otan» партиясы фракциясына Цойды (Денсаулық сақтау министрі) және басқа мемлекеттік органдардың басшыларын шақырамыз. Олар осы мәселеге қатысты есеп беруі керек», - деді Н. Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында. Осы орайда ол аталған мәселеде Президентің тікелей тапсырмасын орындау назарға алынатынын жеткізді. «Медицина қызметкерлері өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Қауіптің алдыңғы шебінде тұрды. Кейбіреуінің денсаулығы нашарлап, кейбір дәрігерлер қайтыс болды. Осы бағытта дәрігерлерді қолдау шаралары тиісті деңгейде орындалмаған. Министрді шақыртып, «Nur Otan» фракциясы осы мәселелерді қарастырады», - деді Мәжіліс төрағасы.