Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
Шымкент қаласы город Шымкент
19.08.2020ж. №33
Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына және толықтыруларды өзгерістер енгізу туралы
Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Абдиманап Кошкарович Тулебаев, Қазақстан Республикасының 2020 жылдың 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104 бабына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43-БМСД қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №43-ПГВр), Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы №47-ПГВр «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі –ҚР БМСДҚ №47-ПГВр), «Шектеу карантиндік шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48-ПГВр қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №48-ПГВр), «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес, COVID-19 аурушаңдығының өсуіне байланысты халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 15.08.2020 жылғы №32 қаулысына келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
1) 3 тармағы 3.9. тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын
«медициналық ұйымдардың, дәріханалардың, процедуралық бөлмелердің, коммуналдық, теле-радио коммуникациялық және байланыс қызметтерін көрсету, адвокаттар, нотариустердің сонымен қатар адвокаттық және нотариустық кеңселердің жұмыстарын қалыпты режимде ұйымдастыруды»;
2) 3 тармағы келесі тармақшамен толықтырылсын: «3.34. гүл сататын нысандардың қызметі жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) 09:00-ден 21:00-ге дейін ұйымдастырылсын, ал демалыс күндері (сенбі,жексенбі) жұмыстары тоқтатылсын».
2. Осы Қаулы барлық мүдделі ведомстволармен ұйымдардың назарына жеткізілсін, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялансын және әлеуметтік желілер арқылы таратылсын.
3. Шымкент қаласы аудандарының әкімдері, Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің аумақтық басқармаларының басшылары және Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері А.Тулебаев
Бөлісу тақырыбы: Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы