Түркия президенті АҚШ-қа жауап берді
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Түркияның Әзербайжанды қолдауына байланысты АҚШ-тың Анкараға санкция енгізуінен қорықпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды "Анадолу".
- Кейбіреулер Америкада менің бауырым Ильхамға (Әлиев - автор.) қоңырау соғып, кімдердің Әзербайжанды қолдайтынын білеміз деп айтып жатыр екен. Бұл Ердоған мен Түркия екен. Сол үшін америкалықтар енді Анкараға санкция енгіземіз деп қорқытып жатыр. Біз болсақ, енгізсе, енсізсін деп отырмыз, - дейді Ердоған.
Сондай-ақ, Түркия президенті АҚШ билігінің позициясын сынға алды.
- Түркия қауіптерден қорықпайды, - деді Ердоған.