Сарапшы: Коронавирусқа тест 30-40% жағдайда жалған нәтиже көрсетуі мүмкін

Screenshot_10.jpg

Анализдің дұрыс алынбауы салдарынан коронавируқа тест 30-40% жағдайда дұрыс нәтиже көрсетпеуі мүмкін. Бұл туралы Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас пульмонологі, Сеченовский университетінің пульмонология кафедрасының меңгерушісі Сергей Авдеев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Сондай-ақ, оның айтуынша, инфекцияға шалдыққан 95% адамның инкубациялық кезеңі 2 күннен 6 күнге созылады. «Біз тест-жүйесіне еш күмән келтірмейміз. Тек тәжірибемізде тестілеудің жалған нәтиже көрсететін жағдайлары болуы мүмкін. Қаншалықты жиі: шамамен 30-40% жағдайда. Мәселе тестілеудің сапасында емес, анализді дұрыс алмауда болып тұр. Анализ сапасыз алынса, жалған нәтиже көрсетуі мүмкін», - деді Авдеев РФ Денсаулық сақтау министрлігінің алдыңғы қатарлы сарапшылары қатысқан COVID-19-ға қатысты жиында. 

Сарапшы адамнан материалды алу уақыты да маңызды екенін атап өтті. Себебі аурудың алғашқы кезеңінде ПТР-тестінің оң нәтиже көрсетуі жиірек кездеседі. Сонымен қатар, Авдеев талдауды қайта тапсыру туралы шешімді дәрігер қабылдауы керек деп түсіндірді.