Кентау қаласына жылжымалы медициналық кешен келді

Screenshot_2.jpg

 Коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шараларының аясында Түркістан облысындағы денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жаңартылуда. Бүгін облыстың шалғай ауылдары 12 жылжымалы медициналық кешенмен, жедел жәрдем станциясының паркі 13 реанимобильмен толықты. Соның бірі Кентау қалалық емханасына берілді. 

Бұл жылжымалы медициналық кешен қала дәрігерлерінің әр ауылдық округтерге барып, тұрғындарға сапалы медициналық көмек түрін көрсететін болады. 

 Көшпелі аурухана қала орталығынан 100-200 шақырым жердегі ауылдарға барып, тұрғындарға қызмет көрсетеді.

 Заманауи медициналық кешен флюрография, ультра дыбыстық аппарат, зерттеулерге арналған анализаторлар, офтальмоскоп, глюкометр және тағы басқа құралдармен жабдықталған. Дәрігерлер азаматтарды толық тексеруден өткізіп, ауруды дер кезінде анықтай алады.

Screenshot_3.jpg

 Бұл кешен таулы аймақта орналасқан Ащысай елді мекенінен басталып, кесте бойынша 16 ауылдық округ тұрғындарын сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ететін болады. Кешеннің ерекшелігі жарық болмай  қалған жағдайда өзінің арнайы генератор іске қосылады. Сонымен қатар мүгедек жандарға ыңғайлы арнайы лифт аппаратымен де жабдықталған.