Шымкентте алтыншы үшем дүниеге келді
27 жастағы бақытты ана Гауһар Нарметова үш қызды дүниеге әкелді. Осылайша жыл басынан бері Шымқалада алтыншы үшем жарық дүние есігін ашты.
Лейла, Лейсан және Луизу есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты. Үшемдер қарашаның 25-сі күні 35 апталық кезінде ота тәсілімен туған.
Операцияны орталықтың білікті акушер-гинекологы Сауле Дүйсенбаева жасады. Нәрестелердің
туғандағы салмақтары 1490-2490 грамм болыпты.
Үшем мен анасы 20 күн бойы қалалық периналдық орталықта дәрігерлердің бақылауында болған. Денсаулық жағдайы жақсарған анасы мен сәбилері
перзентханадан үйіне шығарылды.
Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы