Тоқаев жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы жарлық шығарды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Тоқаев.jpg

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағына сәйкес қаулы етемін:

1. Жетінші  шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2021 жылғы 15 қаңтарда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген құжатта.

®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Тоқаев жарлыққа қол қойды