Бас санитар дәрігер мен вице-министр «Спутник V» вакцинасын салдырды
Қазақстанда COVID-19-ға қарсы вакцинация басталды. Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Нұр-Сұлтанның № 6 қалалық емханасында "Спутник V" вакцинасын алғашқылардың бірі болып салдырды.
Олар 1 ақпанда таңертең екпе салдырды.
- Ең тиімді қорғаныс құралы болғандықтан үнемі вакцина аламын. Өз басым вакцина арқылы медицина мамандарын, халықты қорғай алатынымызға қуандым. Ресейлік, қазақстандық вакциналарға келсек, барлық вакцинаның қорытындысы бір – ағзада коронавирусқа қарсы иммунитет (антидене – ред.) пайда болады. Вакцина салдырғаныма уайымдамаймын. Дәрігер болғандықтан вакцинаның артықшылығы мен кері әсерлерін білемін, – деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.