Алғашқы екі тәулікте 572 адамға екпе егілді
Түркістан облысында екі күнде 572 медицина қызметкеріне короновирус инфекциясына қарсы екпе егілді. Өңірге «Спутник-V» вакцинасының 1300 дозасы жеткізілген. Қазір ерікті түрде халыққа кезең-кезеңмен вакцинациялау жүріп жатыр. Бұл туралы Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Айта кетейік, Түркістан облысында коронавирус індетіне қарсы 20 екпе егу нүктесі ұйымдастырылған. Сонымен қатар, вакциналарға арналған арнайы мұздатқыш камералары орнатылғанын жеткіземіз.
Бүгінде Covid-19 қарсы вакцина егілген азаматтардың денсаулығы жақсы. Екпеден кейін ауруханаға түскен жағдайлар тіркелмеген.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде 1-ақпаннан бастап ерікті түрде халыққа кезең-кезеңмен вакциналау жүріп жатыр.