Жаңарған № 1 қалалық емхананың қызмет сапасы артты

WhatsApp Image 2021-02-03 at 18.59.27 (1).jpeg

Күрделі жөндеуден өткен Шымкент қаласының №1 қалалық емханасы заманауи үлгіде қайта жасақталып, жұмыс жүргізуде. Емдеу мекемесінің тіркеу орны, дәрігерлер қабылдау, егу, күндізгі стационар, процедуралық кабинеттері толығымен медициналық қызмет көрсету санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жабдықталған. Пациенттерге салауатты өмір салтын насихаттау және әлеуметтік- психологиялық қолдау көрсету бағыттары да жақсарған. Бұған қала әкімі Мұрат Әйтенов күрделі жөндеуден өткен мекеменің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысу барысында көз жеткізді.

WhatsApp Image 2021-02-03 at 18.59.26 (1).jpeg

Шымкент қаласының №1 қалалық емхана ауысымына 500 келушіге медициналық көмек көрсетеді. Тіркелген тұрғындар саны – 46196. Емхананың сыйымдылығы – 500 орын. Мұнда күндізгі стационар жұмыс істейді. Бүгінге дейін 30 төсек-орынды күндізгі стационарда 924 науқас ем қабылдап, сауығып шықты. Қажетті дәрі-дәрмекпен толығымен қамтамасыз етілген.

WhatsApp Image 2021-02-03 at 18.59.27.jpeg

Емхана электронды жүйеге көшіп, жаңа бағыттарды енгізуде. Атап айтқанда, мұнда  КМАЖ (кешенді  медициналық  ақпараттық  жүйе) порталы, электрондық  тіркеу  орны  іске  қосылды. Пациенттерді «Медициналық күнделік» арқылы  қабылдауға  жазу  жүзеге  асырылады.

WhatsApp Image 2021-02-03 at 18.59.26.jpeg

Сондай-ақ, емханада құрамында дәрігерлер, орта буынды қызметкерлер, әлеуметтік қызметкерлер бар 9 мобильді топ құрылған. Бұл ретте дене қызуы көтерілген науқастарды бақылау, тағайындаулар беру, пульсоксиметрмен сатурациясын өлшеу, рентгенография және КТ-ға жіберу, сонымен қатар, онлайн тұрғындарға кеңес беру, жеке салалы мамандармен онлайн кеңес ұйымдастыру, диспансерлық бақылауда тұратын созылмалы аурулары бар азаматтарға тегін дәрі-дәрмек жеткізу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде мекеменің медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталу көрсеткіші  – 69,79 %.

2020 жылы емханада күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер «Қуат-құрылыс» ЖШС құрылыс жұмыстарын (473 млн 535 мың теңге) өз мерзімінде аяқтады.

 

Фото: Береке СЕЙІТЖАППАР