Түркістан облысында 10 мыңға жуық азамат вакцина қабылдады

Screenshot_50.jpg

Түркістан өңірінде  3-  наурыздан бастап  Ресей вакцинасы негізінде    Қарағанды қаласында дайындалған  вакцинаны егу жұмыстары басталды.  I компоненттік  8600 доза - медицина, білім саласы, полиция қызметкерлері мен төтенше жағдай, қорғаныс саласының мамандары, мемлекеттік  қызметкерлерге егілді. 

Наурыздың 25-нен бастап 8600 дозаның 2-ші компонентін қабылдау басталады. Жалпы облыста   вакцина қабылдағандар саны  9900- ды  құрады.  Вакцинаның жеткізілуіне қарай  алдағы уақытта халықтың  осал топтарына  егіледі деп жоспарлануда.  Covid-19 ға қарсы егу  жұмыстары қала, аудан орталықтары мен елді-мекендердегі емханалардың егу кабинеттерінде жүргізіліп жатыр. Естеріңізге салып өтейік, ақпан айында  Түркістан өңіріне  Ресейде  өндірілген  "Спутник V"  вакцинасының  1300  данасы жеткізілді.  Екі компанентті  вакцинаны алдымен медицина қызметкерлері қабылдаған болатын.

Түркістан   облысының   санитариялық-эпидемиологиялық     бақылау департаментінің    баспасөз    қызметі.