Түлкібас: Күш атасы Қажымұқанның өмір жолынан сахналық қойылым қойылды

Бүгін Түлкібас ауданына қарасты Састөбе кентіндегі мәдениет үйінде састөбеліктер Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой палуаны, қалың жұртшылық арасында «күш атасы» атанып кеткен, қазақ халқының мақтанышы Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына және Наурыз мерекесіне орай «Мұңайтпас Мұқан» атты сахналық қойылымын тамашалады.

Screenshot_2.jpgҚойылым шымылдығын аудан әкімінің орынбасары Ерлан Бақытжанұлы ашып, жиналған қауымды мерекелерімен құттықтады. 

Бүкіл әлем мойындаған даңқты палуан бабамыздың өмір жолын кейінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шарадан састөбеліктер ұмытылмастай әсер алып, кейіпкерлер ролін сомдаған аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарына шексіз алғыстарын білдірді.

Screenshot_3.jpg

Тарихи деректерге сүйенсек, Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1871 жылы 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел ауылында дүниеге келген. Жас кезінен алпауыт күшке ие болған жігіттің аты қазақ даласына тез тарала бастайды. Көп ұзамай оны Ленинград циркіне жұмысқа шақырады. Цирк сапында жүріп дүйім жұртқа әйгілі болып, әлемдегі әйгілі Париж, Нью-Йорк, Лондон, Токио секілді қалаларда өнер көрсетті.

Шарада бекітілген карантиндік талаптар толығымен сақталды.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі  

#спортжәнешеберліккүні

#руханижаңғыру

#наурызқұттыболсын