Камералық бақылау бойынша заңбұзушылық анықталды
ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының «Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен (Бұдан әрі - Ұйымдастырушы) 05.03.2021 жылы мемлекеттік сатып алу(https:/www.goszakup.gov.kz/) веб-порталында бағалы ұсыныстарға сұраным тәсілімен жарияланған №5550745-1 «Хирургическое силовое оборудование для нейрохирура. ВНИМАТЕЛЬНО смотреть тех.спецификацию, согласовать с заказчиком, при несоответствии товар подлежит возврату, все расходы за счет Поставщика.» мемлекеттік сатып алудың №14243564-ОЛ-ЗЦП1 лоты бойынша мемлекеттік сатып алу процедурасы бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілді.
ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 9 бабының 2 тармағына сәйкес, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген:
1) мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайтын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді делінген.
ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 38 бабының 2 тармағына сәйкес, Осы баптың 1-тармағында көзделген, орналастырылатын ақпаратта тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға нұсқаулардың болуына жол берілмейді, оған мемлекеттік сатып алуды мынадай:
1) негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуді (лицензиялық бағдарламалық қамтылымды) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;
2) тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау үшін және лизингтің нысанасын егжей-тегжейлі сипаттау қажеттігі туындағанда;
3) тапсырыс берушінің қолында бар тауарды жөндеу және (немесе) оған техникалық қызмет көрсету үшін жүзеге асыру;
4) нарықта ұсынылған және қолжетімді, құны тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшерінен аспайтын тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайлары қосылмайды делінген.
Алайда, конкурсты ұйымдастырушы Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының «Сарыағаш аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен жарияланған №5550745-1«Хирургическое силовое оборудование для нейрохирура. ВНИМАТЕЛЬНО смотреть тех.спецификацию, согласовать с заказчиком, при несоответствии товар подлежит возврату, все расходы за счет Поставщика.» мемлекеттік сатып алудың №14243564-ОЛ-ЗЦП1 лоты бойынша Заңның 38 бабының 2 тармағының талаптары сақталмай, конкурстық құжаттаманың №30875104 лотының қысқаша сипаттауында, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауы жазылғаны «ChongqingXishanScienceTechnologyCo., Ltd., Китай» негізсіз деп анықталды.
С.Кузенбаев,
Түркістан облысы облысы бойынша
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Бас маманы