Дүниежүзілік денсаулық күні

Денсаулық күні халыққа тегін медициналық көмек беріледі

Адам денсаулығы жақсы болып тұрған кезде оқумен, кәсіппен шұғылданып, материалдық және рухани дамуды ойлайды, өздігінен саясатты ұйымдастырып,әлеуметтік мәселелерді шешеді. Ал ағза әлсіреген кезде ғана  денсаулықты бірінші орынға қояды. Өкінішке орай, тұрғындар үшін көптеген елдерде медициналық қызмет көрсету қолжетімсіз болып тұр. Әскери қақтығыстарға қатысқан елдерде дәрі-дәрмектер мен кәсіпқой мамандар тапшы. Осы мәселелердің барлығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында шешімін табады (ДДСҰ). ДДСҰ-ның жарғысы қабылданған күн (1948, 7 сәуір) Дүниежүзілік денсаулық қорғау күні болып аталады. Бүгінгі таңда ДДСҰ мүшелігінде 200 елдер бар. Әр жыл сайын 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні болып аталып өтеді және алдағы жылға жоспарланған іс-шаралар өткізілетін жаңа тақырыптар қабылданады. 20 20  жылы Дүниежүзілік денсаулық күні «Денсаулық бәріне бірдей» ұранымен өтті. 202 1 жылдан бастап Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қағидаларына сәйкес тұрғындарға денсаулық сақтау қызметін жалпы қамту бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетт әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жаңа әдістер і  енгізіл ген . 7 сәуір күні  Шымкент қаласынын аймағындағы емханалар, аруханаларда пациенттердің көп шоғырланған жерінде сақтандыру кезінде қандай медициналық қызметтерді алуға болатын мүмкіндіктерді МӘМС бойынша роликтер көрсетілді.


ӘМСҚ  Шымкент қаласы бойынша филиалынын бөлім басшысы 

Беден Ахмет Сисенбайулы

 ГП 4 ЗОЖ,

 медбике Бубеева А.Б


®Diagnews.Kz
Бөлісу тақырыбы: Дүниежүзілік денсаулық күні