Созақта мемлекеттік сатып алуға байланысты құқықбұзушылық анықталды
ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Созақ аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнымен 2021 жылдың ақпан айында https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталына бағалы ұсыныныстарға сұраным тәсілімен жарияланған №5491528-1 «Приобритение комплектующий для компьютера» мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшеліктерінде әлеуетті өнім берушілерге қойылған талаптарға ақпаратты жинау, қорыту, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде осы мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Созақ аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 38 бабы 2 тармағында «Осы баптың 1-тармағында көзделген, орналастырылатын ақпаратта тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің жекелеген әлеуетті өнім берушіге тиесiлiгiн айқындайтын өзге де сипаттамаларға нұсқаулардың болуына жол берілмейді» делінген талаптарын сақтамай, Жоғарыда аталған мемлекеттік сатып алудың техникалық ерекшелігінде негізсіз әлеуетті өнім берушілерге «Өндіруші-Intel, Модель Core i7-10700» болуы қажет делінген талабы қойылғандығы анықталған.
Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «Созақ аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгнгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.
А.Атымтаев,
Түркістан облысы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жетекші маманның м.а.