Тендер өткізілгендегі заңбұзушылық анықталып, реттелді
ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан «Төлеби ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2021 жылдың қаңтар айында мемлекеттік сатып алу https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталында ашық конкурс тәсілімен жарияланған №5307134-2 «Конкурстық құжаттамаға сәйкес мемлекеттік сатып алулар» мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша «Төлеби ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 155 тармағының талаптары сақталмағаны анықталған.
Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, «Төлеби ауданының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгнгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.
А.Атымтаев,
Түркістан облысы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жетекші маманның м.а