«517 адамның жағдайы ауыр» - министрлік
30 219 адам короновирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды www.coronavirus2020.kz сайты.
9 сәуірдегі мәлімет бойынша, 30 219 адам короновирус инфекциясынан (29 429 КВИ+ және 790 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 11 376 пациент стационарда, 18 843 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 517 адамның жағдайы ауыр;
• 163 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 87 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.