Емдеу мекемелерінде дезинфекциялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар
Емдеу сауықтыру мекемелерінде мейірбикенің бір міндеті болып санитарлық эпидемияға қарсы режимді сақтауды қадағалау саналды. Барлық ем өткізілетін бөлмелер, құралдар, медициналық және басқа да инвентарьлар таза болуы керек. Бөлмеде ылғалды жиыстыруды (еденді жуу, жиһаздарды, терезені, есікті сүрту) тәулігіне екі рет жуу немесе дезинфекциялық ертінділерді қолдану арқылы өткізеді. Емханалар стационарлар құрамында немесе бөлек мекеме болуы мүмкін. Арнайы және көп профильді емханалар өздігімен келуші ауруларға немесе үйлерінде медициналық көмек көрсетеді. Оның құрамына тіркеу бөлімі, хирургиялық және терапиялық бөлімдер, сондай-ақ арнайы кабинеттер: көз, неврологиялық, урологиялық, стоматологиялық және қосымша емдік- диагностикалық кабинеттер: рентгенологиялық, процедуралық, физиотерапиялық және т. б. кіреді.
Стационарлар мен емханаларға қойылатын негізгі гигиеналық талаптар ауа-тамшылы инфекцияның таралуының алдын алу. Ол үшін ғимараттың рациональды жоспарлануы, тиімді желдету (табиғи және механикалық) және алдын алу шараларын жүргізу керек. Емхана және стационар әр контингенттегі ауруларға қызмет көрсетеді. Амбулаторлық аурулар шу, мазасыздық әкеледі, емдік және гигиеналық режимді бұзады.
ЕПМ территориясын жинау күнделікті жүргізілу керек. Арнайы асфальтталған немесе бетондалған контейнерлік алаңдардағы қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды жинауға тығыз қақпағы бар қоқыс жинағыш орнатылады. Бұл алаңдардың көлемі 40 м 2 кем емес, палаталық және емдік-диагностикалық корпустан арақашықтығы 25 м, ал контейнерлер жүйелі түрде залалсыздандыру керек. Соған қаса әр 700 м 2 территорияға бір қалдық салғыш қойылады, оның тазалануы және қоқыс шығарылуы күнделікті жүргізілуі қажет.
Санитарлық заңдылыққа сәйкес тері-венерологиялық, инфекциялық, онкологиялық, хирургиялық бөлімдердің қалдықтарын қоқыстар тастайтын жерге шығаруға болмайды. Оларды жою үшін әртүрлі ортақ жағу (өртеу) түрлері, химиялық дезинфекция немесе көму қолданылады. Көбінесе оларды өртеу қолданылады. Санитарлық қызметпен келісілгендей қалдықтар пештерде ЕПМ территориясында немесе басқа арнайы обьектілерде жағылады. Тәулігіне 100 кг қалдық жаққанда пеш пен басқа да ғимараттар арасы 30 м, ал пешке тәулігіне 100 кг жоғары жүктеме түссе 100 м кем болмауы керек. Территорияда пешті орналастырғанда желдің бағытын есекере отырып, көрсетілген ара қашықтықтар санитарлық эпидемиялық қызметтің талап етуімен ұзартылуы мүмкін.
«Тұрғын және қоғамдық ғимаратарды инсоляциямен қамтамасыз ету» санитарлық нормалар мен ережелер талаптарына сәйкес«Тұрғын және қоғамдық ғимаратарды инсоляциямен қамтамасыз ету» санитарлық нормалар мен ережелер талаптарына сәйкес емдік-профилактикалық мекемелердің бағытталуы бөлмелер мен территорияда үздіксіз 3 сағаттық инсоляцияны қамтамасыз етуі керек. Операция және перзентхана бөлмелері С, СШ, СБ бағытталуы қажет. Палаталар О, ОШ және Ш бағытталуы қажет. Бөлмелер солтүстік ендіктен 55 0 С оңтүстік қараған ауданда Б, ОБ бағытқа бағытталған болса, күн сәулесінен қызып кетпес үшін қорғанысты қажет етеді (жалюзи немесе т. б. қондырғылар).
Дезинфекция дегеніміз қоршаған ортадағы патогенді микроорганизмдерді жою.
Дезинфекцияның түрлері: Сақтандыру дезинфекциясы аурухана ішінде инфекцияны болдырмау үшін жүргізіледі
Ошақты дезинфекция екі түрге бөлінеді:
Ошақты күнделікті - ол инфекция ошағы бар жерде, науқас жатқан жерде және барлық емдеу сақтау бөлмелерінде күніне екі реттен кем жүргізілмейді.Дезинфекцияны рұқсат етілген жуу және химиялық ертінділермен инструкциясы бойынша жүргізеді. Ертінді құйылған ыдыстар белгіленген болу керек, онда ертіндінің аты, концентрациясы, дайындаған күні жазылып тұру керек. Ертінділер арнайы, бөлек бөлмеде сақталады. Жиыстыруға қолданылатын құралдар белгіленген болу керек. Ошақты ақырғы – ол бір рет науқас тәуір болып үйіне шыққанда, қайтыс болғанда немесе жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылғанда жасалады. Оның мақсаты инфекциялық ошақты аурудың қоздырғыштарынан мүлдем жою үшін.
Химиялық әдіс: Емдеу сауықтыру мекемелерінде осы әдіспен жұмыс істегенде науқаспен немесе биоматериалмен қатынаста болған құралдарды толық химиялық ертінділерге батыру керек. Егер науқаспен қатынаста болмаса онда ол заттарды осы ертінділерге батырылған салфеткалармен немесе мәрлімен екі рет сүрту кеерек. Емдеу сауықтыру мекемелерінде тек қана Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің департаментінде госсанэпиднадзор рұқсат етілген химиялық ертінділермен жұмыс істеледі.
Құрастырма әдісінде дезинфекция арнайы дезинфекциялық камераларда жүргізіледі: паровоздушный – ылғалды ауамен 110 градус температурада, қысымы 0,5 атм., экспозициясы 20 мин.
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы
Санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы бас маманы
К.Баймусанова
Бөлісу тақырыбы: Емдеу мекемелерінде дезинфекциялауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар