Тағамнан уланудың алдын алу шаралары
Тағамның қауіпсіздігі адам ағзасы үшін маңызы өте зор. Тағамнан улану адам денсаулығына кері әсерін тигізеді.
Тағамнан уланудың және тағамдык токсикоинфекцияның пайда болуына дайын тағамдарды тасымалдау, дайындау барысында санитарлық-гигиеналық ережелері мен нормалардың өрескел бұзылуы, тез бұзылатын азық-түліктердің сақтау мерзімінің бұзылуы ықпалын тигізеді.
Тағамнан улану – белгілі бір көп мөлшерде микроорганизмдер зақымдалған тағамды немесе адам ағзасына улы тағамдарды жегенде пайда болатын жедел ауру.
Тағамдық токсикоинфекция - бұл асқазан ішек органдарының жоғарғы бөлігін зақымдап, су-тұз алмасуының бұзылуымен сипатталатын қысқа мерзімді жедел жұқпалы ауру. Адам ішегінде қолайлы жағдайларда аурудың бастапқы кезінде қоздырғыш көбейіп, адам мен жануарлардың нәжісімен сыртқы ортаға бөлініп, топырақ, суларды және тағы басқа жерлерді зақымдап, белгілі уақытқа дейін өмір сүреді.
Тағамдық токсикоинфекция тағам арқылы жұғады.
Тағамдық, токсикоинфекциясының берілуі факторлары шұжық, жұмыртка, ет, балык, салаттар, сүт және сүт тағамдары, шырын сусындары, кисель, квас. Тағамдык, токсикоинфекцияның ауыр түрі сирек кездеседі, бұл жалпы аурудың 1-2% -нан аспайды.
Аурудың клиникалык белгілері: аурудың тұракты белгілерінің бірі - іш өту, құсу аурулардың біразында кездессе, жүрегінің айнуы мен іш аймағының ауырсынуына барлық аурулар шағымданады. Осы клиникалық белгілер пайда болған кезде ауру асқынбай тұрғанда, жедел медициналық көмекке жүгіну қажет.
Алдын-алу шаралары
Тағамдардың алдын ластануының алдын –алу, шыбын-шіркейлермен күресу.
Тоңазытқыштармен қамту, яғни тағамдардың сақталуына жағдай жасау
Дайын тағамды тез арада тарату.
Тағам ішер алдында оны термиялық өңдеуден өткізу, яғни тағамдағы бөтен микроорганизмдерді жою.
Жеке бас гигиенасын сақтап, тағам ішерде қолды жуу қажет.
БОТУЛИЗМ – тағамнан уланудың ең ауыр түрі. Ол клостридия микроорганизмдері өндіретін болтулиндік токсиндердің орталық жүйесін ауыр зақымдауымен сипатталатын, арнайы емсіз өлімге әкелетін жедел ауру.
Ботулизм микробтары табиғатта кең тараған.Оның споралары сыртқы орта әсеріне өте төзімді, топырақта ұзақ уақыт бойы сақталады.Топырақпен бірге суға, азық –түліктерге, көкөністерге таралады. Ауасыз(анаэробты) жағдайда олар адам үшін өте улы токсиндер бөліп шығарады.
Ботулиндік токсин- адамзатқа белгілі ең күшті табиғи у болып саналады, құрамы жағынан белокты нейротоксин күштілігі бойынша ең улы жылан уынан жүздеген есе артық.
Ботулизм ауруы кенеттен үй жағдайында дайындап, консервіленген саңырауқұлақтарды, көкөністерді, қақталған балық жегеннен кейін пайда болады. Әсіресе бұл тағамдар үй жағдайда дайында дайындалғанда қауіптілігі жоғары. Себебі ботулизм споралары жоғарғы температураға төзімді: 100 С қайнатқанда 5-6 сағат бойы сақталады, 120 С- та 20 минут кейін ғана тіршілігін жояды. Аталған тағамдарды өндірістік жолмен дайындағанда ботулизм жұқтыру мүмкіндігі өте төмен. Өйткені 120 С – та автоклавтау технологиясы қолдануы.
Ауруға тән белгілер: жалпы әлсіздік, ауыз құрғау, жүрек айну, құсу, іштің бүріп ауруы, іштің өтуі, көздің көруінің бұлдырап тұмандануы.
Ауру күдікті тағам қолданған соң 1-2 сағаттан немесе бірнеше күннен кейінде пайда болуы мүмкін.
Қайнатылмай дайындалатын тағамдар, тұздалған, ысталған балықтар, шұжықтар төменгі температурада сақталуы тиіс (10 С төмен).
Алдын алу шаралары
Жалпы консервіленген тағамдардың бәрін төменгі температурада сақтап қолданар алдында 40-30 минут бойы қайнатып алған дұрыс. Үлкен ыдыстарда, көп мөлшерде тұздалған тағамдар дайындау қауіпті, өйткені оның түбінде ауасыз жағдай қалыптасып ботулизм токсині түзілуі мүмкін.
Қалай дайындалғандығы белгісіз, дайындау сақтау мерзімі көрсетілмеген, ұзақ сақталған тағамдарды кедейсоқ жерлерден, базарлардан сатып алудан сақ болыңыз. Қазіргі кезде әрбір отбасында күз мезгілі басталғалы бері жазда жапқан консервіленген банкілерін ашып қолдануда.
Егер күдікті тағамдар қолданған кезде және аурудың белгілері пайда болса тез арада дәрігерге қаралу қажет.
Шымкент қаласы
Әл-Фараби ауданы
СЭББ-ның сан. гиг. бөлімінің
бас маманы: Л.Туртаева