Төлебилік тұрғын мемлекеттік грантпен тігін шеберханасын ашты

Бүгінде Түркістан өңірінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асуда. Аталған бағдарлама бойынша қайтарымсыз грант алып, өз ісін бастап жатқан жандар көп.

image.png

Төлеби ауданы Тасарық ауылдық округіндегі Жамбыл ауылының тұрғыны Жанерке Есеналиева бастауыш кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік грантты ұтып алған. Бүгінде тігін шеберханасын ашып, ісін дөңгелетіп отыр. Ол 555 600 теңге көлеміндегі қаржыға қажетті жабдықтарын түгел сатып алған. Кәсіпкер қолдауды «Жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде алып отыр.

Тігінші қазіргі таңда қыз жасауына арналған бұйымдарды тоқиды. Сонымен қатар, қомақты көлемде тапсырыстар қабылдайды. Жақында Атырау қаласындағы ауруханаға 600 дана көрпе-төсек тіккен. Сондай-ақ, тігін шеберханасында жергілікті спорт мектептерінің арнайы киімдері тігіледі.Шеберхана иесінің айтуынша, өткен жылғы табысы шығынды есептемегенде 2-2,5 млн теңге көлемінде болған. Осылайша тынымсыз еңбегінің арқасында жақсы табысқа кенеліп отыр.

Жалпы, өңірде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасушылар мен өз ісін бастаушы кәсіпкерлер қатар көбейіп келеді.