Жарамсыз өнімдерден сақ болайық
Бүгінде еліміздің әрбір азаматы отандық нарықтың тұтынушысы болып табылады. Күнделікті қолданыстағы өнімдердің сапасына бірі көңіл бөлсе, екіншісі көңіл бөлмеуі мүмкін. Сол себепті, өнім сапасының деңгейіне мән беруді тұтынушыларға түсіндіру маңыздылығын жоғалтпады.
Қолданыста ең жиі болатын өнім - азық-түлік өнімдері. Олар өз түрлеріне қарай жарамдылық мерзімі, сақталу формасы, қаптамасы және сол сияқты стандарттар негізінде сатылымға шыға алады. Егер де өнім стандартқа сай келмейтін болса, оны тұтыну адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Сол себепті, жарамсыз өнімдерден абай болуға міндеттіміз. Азық-түлікті дүкен немесе басқа орындардан сатып аларда міндетті түрде жарамдылық мерзіміне мән беріңіз. Жарамдылық мерзімінен асып кеткен тауарды қолданбауға тырысу керек.