Өндірістік бақылау арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету!
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР 07.07.2020ж. № 360-VI Кодексі 55 бабына сәйкес өндірістік бақылау ұйымдастырылады.
Өндірістік бақылау ҚР ҰЭМ 06.06.2016ж. № 239 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына сай жүргізіледі.
Өндірістік бақылаудың мақсаты объектіде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесі құжаттарында белгіленген талаптардың сақталуына өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және жүргізу жолымен өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады.
Зертханалық-аспаптық өлшеулердің ұсынылатын көлемдері, өлшемшарттары және кезеңділігі № 239 Санитариялық қағиданың № 1 қосымшасында көрсетілген.
Өндірістік бақылау объектілері тізбелері "Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнім мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы" ҚР ДСМ м.а. 17.11.2017 ж. № 836 бұйрығымен бекітілген өнім және эпидемиялық маңызы бар объектілер болып табылады.
Өндірістік объектілерде жүргізілетін өндірістік бақылау нәтижелері туралы ақпарат тиісті аумақтағы Санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасына жарты жылда 1 рет кейінгі айдың 5-күніне осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
Денсаулық сақтау объектілері, Коммуналдық, Өнеркәсіптік гигиена, Радиациялық гигиена объектілері, Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту объектілері, интернаттық ұйымдары және Тамақ өнімдерін өндіру және айналымы объектілерінде Зертханалық-аспаптық өлшеулердің ұсынылатын көлемдері, өлшемшарттары және кезеңділігі, осы Санитариялық қағиданың 1-қосымшасында берілген.
Өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлеуді дара кәсіпкер, заңды тұлға өз бетінше немесе санитариялық-эпидемиологиялық аудитті жүргізу бойынша қызметті жүзеге асыратын адамдарды тарта отырып жүзеге асырады.
Жүзеге асырылатын өндірістік бақылаудың уақтылығын, толықтығын және дәйектілігін қатамасыз ету дара кәсіпкердің және заңды тұлға басшысының бұйрығымен тағайындалатын лауазымды тұлғаларға жүктеледі.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР 18.09.2009ж. № 193-IV Кодексінің 55 бабы 2 тармағына сай «Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес» ҚР заңнамасы негізінде өндірістік бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс.
А.Монтаева,
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының бас маманы