Арман Cәбитов Диляра Қайдарованы қабылдады
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов Қазақ ғылыми онкологиялық және радиологиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарованы мен Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Марат Пашимовты қабылдады.
Арман Сәбитұлы пандемия кезеңінде әрбір азаматтың денсаулығын сақтау маңызды екенін айтып, онкологиялық аурумен ауыратын науқастарды емдеу мәселелеріне қатысты пікір алмасты. Өз кезегінде Диляра Қайдарова Түркістан облысындағы онкологиялық ауруларға арналған кешенді жоспармен танысты.
Сондай-ақ, Диляра Қайдарова Түркістанға сапары аясында аймақтың дәрігерлеріне кординациялық кеңес өткізіп, практикалық әдістемелік жұмыстарды жүргізу бағытында бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Сонымен бірге скринингтік жұмыстарды жүргізу, сүт безінің қатерлі ісігі мен жатыр мойнының қатерлі ісіктерін анықтаудың өңірдегі көрсеткіштерін атап өтті.
Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі