Созақтағы олқылық ретке келтірілді
ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (әрі қарай-Департамент) тарапынан «Созақ ауданының Шолаққорған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен 2021 жылдың қаңтар айында мемлекеттік сатып алу https:/www.goszakup.gov.kz/ веб-порталында ашық конкурс тәсілімен жарияланған №5462639-2 «Мемлекеттік сатып алу» мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жұмыстары жүргізілген.
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша «Созақ ауданының Шолаққорған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 43 бабы 22-тармағының талаптары сақталмағаны анықталған.
Жоғарыдағы анықталған бұзушылықтардың негізінде, «Созақ ауданының Шолаққорған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңнамаларының талаптарына сәйкестендіру туралы хабарлама жолданып, бүгінгі таңда ұйымдастырушы тарапынан Департаментің жолданған хабарламасы толықтай және тиісті дәрежеде орындалған.
К.Бейсенбай,
Түркістан облысы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маманның м.а.