Сайрам-Өгем шатқалынан тағы бір адамның мәйіті табылды
2021 жылдың 12 маусымында Өгем өзені көпірінің сол жағынан Азартеке жотасына дейінгі бағыттағы зерттеулер барысында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Түркістан облысының Мақпалсай шатқалынан бір адамның мәйітін тапты. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
Шатқал теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орналасқан. Таулы рельефтің, жартасты беткейлердің көптігінен денені тікұшақпен тасымалдау мүмкін болмады. РЖҚЖ құтқарушылары Өгем өзені арқылы өтетін өткелді (ағыс жылдамдығы секундына 20 метр) жаяу жүріп, мәйітке қарай жылжыды. РЖҚТ қызметкерлері мәйітті әуе кемесіне дейін жаяу көтеріп арарып, жүкшығырдың көмегімен әуе кемесіне көтерді. Табылған мүрде сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне тапсырды. Іздеу жұмыстарына Түркістан облысы ТЖ және полиция департаменттерінің, ҰҚК Шекара қызметінің, орман шаруашылығының, Өзбекстан Республикасы ТЖМ 127 қызметкері, 15 бірлік техника, 3 квадрокоптер, 3 кинологиялық есеп, 1 тікұшақ және жоғалған туристердің туыстары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары сегіз бағыт бойынша жүргізілуде.
Еске сала кетейік, бұған дейін жоғалған үш турист табылып, құтқарылған болатын. Екі туристің денелері де табылды. Іздеу жұмыстары ертең де жалғасатын болады.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі