«Үйде аяулы анамын, боқтамаймын» - Тәрбие «завучы» жылап кешірім сұрады
Аузына ақ ит кіріп, көк ит шыққан педагог әлеуметтік желіні шулатқан болатын. Оның бұл іс-әрекеті видеоға түсіп қалған. Кейіннен белгілі болғандай, былапыт сөзді қарша боратқан әйел - Ордабасы ауданы Бадам ауылындағы Айтбай Шерімқұлов атындағы мектепте тәрбие ісі жөніндегі орынбасар болып жұмыс істейді. Аты-жөні - Ұлжан Елмұратова. 34 жаста.
Күні кеше Ұлжан Елмұратова журналистермен кездесіп сұхбат берді. Сұхбат барысында ол бұл іске өзін ұстай алмай стрестік жағдайда барғанын мойындап, халықтан кешірім сұрады.
- Мен отбасында жақсы жар, аяулы анамын. Үйде қай ана баласының алдында былапыт сөз айтады? Мектепте де айтқан емеспін. Егер біреу мектепте менен зардап шексе келсінші алдыма. Бәрімізі бала-шаға үшін өмір сүріп жатырмыз. Баламды қорғап боқтағаным үшін қазақ халқы, неге мені сонша даттайсыздар? Ештеңені білмейсіздер. Егер шын мәнінде бала-шағаңыздың басына іс түссе оларды қорғайсыздар ғой. Бар айтарым осы. Артық кеткенім үшін шын жүректен кешірім сұраймын! - деді Ұлжан Елмұратова көзіне жас алып.
Бөлісу тақырыбы: «Үйде аяулы анамын, боқтамаймын» - Тәрбие «завучы» жылап кешірім сұрады