Коронавирус жұқтырған 25 582 пациент стационарда жатыр - министрлік
Қазақстанда 113 402 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.
Олардың ішінде 25 582 пациент стационарда, 87 820 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 791 адамның жағдайы ауыр;
- 475 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 216 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.