Тағы бір өрт сөндіруші жарылыстан кейін әлі табылмай жатыр (видео)

Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстан соң із-түссіз кеткен тағы бір әскери қызметкер жөнінде әзірге еш хабар жоқ, деп хабарлайды  "Еуразия" бірінші арнасы.

Бауыржан.jpg

Өртті өшіруге алғашқылардың бірі болып аттанып, хабар-ошарсыз кеткен әскери бөлімнің қызметкері Бауыржан Дәуітбаевтың тірі не өлі екені әлі белгісіз. Бес күннен бері ол туралы еш хабар жоқ. Ағайын-туысы оны іздестірудің барлық амалын жасап жатыр.

- Көрші ауылда қайынағамның үйі құдайы тамақ беріп жатқан, сол үйде отырғанда сол үйдегі қайным пожарный еді, пожар боп жатыр деп кетті, кеткеннен кейін жарты сағаттан кейін біріншісі жарылды ғой - деді Бауыржан Дәуітбаевтың туысы Әлфия Құрманбекова.

- Үш бала , бір қызы бар. Әйелі қазір аяғы ауыр. Сол күні баласына құдай тамақ беріп, есік алдына су шашып сөйтіп отырған бала еді. Содан бірден шақырды, тез-тез киінді де, мына жерде машинасына мінді де, кетіп қалған еді. Сол кезде қарап тұрғанмын мен. Содан кейін бала жоқ енді - деді Бауыржан Дәуітбаевтың көршісі Жаңыл Абдрасилова.