Түркістан облысында ветеринарлық қызмет тәжірибесі тиімді жүзеге асуда

2d614bd1-90d5-4a33-b9c1-7c8b40cc4f39.jpg

Бүгінде Түркістан облысындағы аудан, қалалардағы 16 ветеринариялық ұйым біріктіріліп, облыстық «Ветеринариялық қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынын құру жөнінде шешім қабылданған. Бұл тәжірибе елімізде алғашқы рет қолға алынып отыр. Нәтижесінде аудан, қалалардағы көмекші-техникалық персоналдар қысқарып, ветеринар мамандарға алмастырылып, осы бастамалар нәтижесінде қызмет сапасы жақсарған. Соңғы жылдары ауыл шаруашылығы жануарлары арасында аса қауіпті аурулар тіркелмеген. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің осы саланың өкілдеріне жаңа 16 арнайы жабдықталған қызметтік көліктердің кілтін салтанатында айтылды. Осылай Түркістан облысының ветеринария саласының қызметкерлеріне ерекше қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар ветеринариялық іс-шаралардың сапасын арттыру мақсатында, биыл жергілікті бюджеттен қосымша 352 млн. теңге қаржы бөлініп, 16 биопрепараттарды сақтауға арналған камералық тоңазытқыш, 178 бірлік витриналық тоңазытқыш, 814 бірлік термочемодан, 366 бірлік ит ұстауға арналған ілмек және 390 бірлік компьютер жиынтығы алынған. Ветеринария қызметінің жетістіктеріне тоқталған өңір басшысы ауыл шаруашылығы дамыған облыс үшін осы саланы дамыту маңызды екенін айтты.

7d89589b-903b-41a9-af7b-8650bc8ed8fd.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дәстүрлі Қазақстан халқына арналған Жолдауында ветеринария саласын жетілдіруге үлкен мән беріп, Үкіметке жыл соңына дейін ветеринария жүйесін реформалау жөнінде нақты шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл бағытта Түркістан облысында нақты жұмыс атқарылып келеді. 2019 жылы аудан, қалалардағы ветеринариялық ұйымдар, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының құзырына өтіп, жағдайды орталықтан бақылап тұрақтандыруға мүмкіндік ашылды. Ветеринар дәрігерлерін жыл бойына тұрақты жұмыспен қамтып, жалақысын 1,5 есеге ұлғайттық. Биыл ветеринариялық іс-шаралардың сапасын артыру үшін, облыстық бюджеттен 352 млн. теңге қаржы бөліп, нәтижесінде өздеріңіз көріп тұрғандай, аудан, қаладағы ветеринариялық ұйымдарды арнайы жабдықталған 16 бірлік «УАЗ» фермер автокөліктерімен қамтып отырмыз, – деген өңір басшысы осы саладағы өзге де өзгерістерді ортаға салды.

2021 жылға ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 4,1 млрд. теңге қаржы қаралып, өткен жылдан 10 пайызға өсті. Биыл 8 айда 16 аса қауіпті ауруларға қарсы 25,4 млн. доза вакцина егілді. Тиісті препараттармен 2,7 бас ірі мал бүркілді, 9,1 млн. бас қой-ешкі тоғытылды, қора жайлар мен буферлік аймақтар залалсыздандырылды. 48,4 мың бас қаңғыбас ит-мысық ауланған.