Түркістан облысында «Қамқорлық» бағдарламасымен «Қамқорлық үйі» салынуда

e94e53d9-b6d8-4ff4-9e66-5a0a65c3b8ff.jpg

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен өңірде бастау алған «Қамқорлық» бағдарламасы аясында көмекке зәру жандарға қолдау көрсетіліп келеді. Жергілікті тұрғындар арасында да қызу қолдауға ие болып, облыста қарқын алған «Қамқорлық» бағдарламасымен Сайрам жерінде «Қамқорлық үй» салынып жатыр.

Аудандарда басшылардың үйлестіруімен игілікті іске жергілікті кәсіпкерлер де атсалысып, қайырымды тірлік толастаған емес. «Қамқорлық» бағдарламасы Сайрам ауданында да қарқын алған. Атап айтқанда аудан орталығы Ақсукент ауылының Ибн Сина көшесі бойында орналасқан жалпы көлемі 3256 шаршы метр жер телімінің құжаттары Ақсукент ауылдық округі әкімі аппаратына рәсімделіп, демеушілер тарапынан төрт отбасыға арналған «Қамқорлық үйінің» құрылысы жүргізілуде. Ондағы мақсат үй-күйі жоқ, көмекке мұқтаж отбасыларын қамқорлыққа алып, жан-жақты қолдау көрсету табылады. Тұрмысын түзеп, қалыпты жағдайға бейімделуіне көмек беру саналады.

«Қамқорлық» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібекұлының жіті бақылауында. Жалпы облыс көлемінде екі жыл ішінде «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 60-қа жуық отбасы баспаналы болған. Бағдарлама аясында көмекке аса зәру екі мыңға жуық отбасы тізімге алынып, оларға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді.

Айта кетейік, бұл бағдарламаны Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен облыс әкімдігі мен «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы бірлесіп жүзеге асырып келеді.