Түркістан облысында көпқататты үйлер жаңа жүйемен басқарылады

рбк-750x430.jpg

Түркістан облысында көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың «Easy project» ақпараттық жүйесі құрылды. Республикалық деңгейде жүйелі жұмыстар барысында ұйымдастыру үшін оған көпқабатты тұрғын үйлер туралы барлық ақпарат жүктеледі. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткізілетін лездемелік мәжілістің күн тәртібінде қаралды.

Отырыста облыстағы мүлік иелері бірлестігі бойынша соңғы мәліметтер баяндалды. Түркістан облысында 1482 көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде, басқару органдарын құруды қажет ететіні 1348, қалған 127 көппәтерлі тұрғын үй коммуналдық меншігінде. Облыстың барлық көппәтерлі үйлері «Easy project» ақпараттық жүйесіне енгізіледі. Кондоминиум нысандарын басқарудың жаңа бағытына көшу жөніндегі жұмыстар қазан айының соңына дейін аяқтау көзделген.

Сонымен қатар, отырыста облыстағы күзгі егін жинау жұмыстары мен агроөнеркәсіптік кешенін дамыту саласында атқарылған жұмыстарының орындалуы талқыланды. Айтыоған деректерге сүйенсек, Түркістан облысында агроөнеркәсіп саласына 30 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылған. Бұл бағытта Қазығұрт, Ордабасы, Сарыағаш және Бәйдібек аудандары көш бастап тұр. Инвестицияның басым бөлігі тамақ өндірісіне бағытталған.

Күзгі егін жинау науқаны табысты. Бүгінге дейін 3 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдері жиналды. Жыл соңына дейін күзгі өнімнің жалпы көлемі 3,5 млн. тоннаға жеткізіледі. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 842,4 мың гектарға егілді.

Өңірдегі 18 мақта өңдеу зауытының 206 мақта қабылдау бекеті шитті мақтаның 1 келісін 250 теңгеден қабылдауда. Шаруалар әр гектардан орта есеппен 30-35 центнерден өніп алып, 500 мың теңгеге дейін пайда таппақ. Жоспар бойынша 250 мың тонна шитті мақта жинау жоспарланып отыр. Биылғы қуаңшылыққа қарамастан, Өзбекстан елімен екіжақты ынтымақтастық туралы келісімнің егістік алқаптар трансшекаралық Достық каналынан келетін ағын сумен тиісті деңгейде қамтамасыз етілді. Тыңайтқыш пен тұқымдық шиттен таршылық көрмей, жеңілдетілген бағадағы жанар-жағармай да жеткілікті болды, дейді.

«Биыл мақтаның өнімі жақсы, бағасы да жақсы. Шаруаларымыздың табысының артатыны қуантады. Оның үстіне биыл егістік алқаптарымыз да бұрын болмаған ағын сумен қамтамасыз етілді»,-деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасымен ағын суды арттыру мақсатында су арналарын механикалық тазалаудан өтуде. Бұл өз кезегінде суармалы жерлердің ағын сумен қамтамасыз етілуін жақсартып, жер асты суын төмендетіп, егістіктің тұздануының алдын алып, мақта дақылының өнімділігін арттырады.