Шардарада өндірілген балықтың 75 пайызы шетелге экспортталады

4E851503-1515-4A56-9E9A-709E5D2DF89D.jpeg

Түркістан облысының Шардара ауданда орналасқан «Хамит» ауылшаруалық өндірістік кооперативінде өндірілген өнім ішкі нарықта үлкен сұранысқа ие. Сонымен қатар Еуроодақ елдеріне, Ресей, Украина, Израиль, АҚШ, Қытай секілді дамыған елдерге де эспортталады. Яғни, копперативте өндірілген өнімнің 75 пайызы шетелге сатылымға шығарылады.

Шардара ауданына жұмыс сапарымен келген еліміздің Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов пен Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеев «Хамит» ауылшаруалық өндірістік кооперативінің балық өңдеу цехы жұмысымен танысты. Шардара су қоймасының жанында орналасқан кооперативтің негізгі қызметі – балық аулау, балық өсімін молайту, балық және балық өнімдерін өңдеу мен сату.

1A2AC015-E1F4-4240-BB0C-45064EA28C16.jpeg

«Хамит» ауылшаруалық өндірістік кооперативінің балық өңдеу цехында үш жүзге жуық адам жұмыс істейді. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына алты мың тонна шикізатты өңдеуге мүмкіндік береді. Мұнда тірі және мұздатылған балық, кептірілген және ысталған балық өнімдері өндіріледі.

Өнімді өндіруге Шардара су қоймасынан ауланған шикізат пайдаланылады. Бірақ, Шардара су қоймасынан алынатын шикізат жылына алты мың тонна балық өңдейтін зауыттың қажеттілігін жаба алмайды. СоныдықтансСонымен қатар, Қазақстанның балық шаруашылық ұйымдарынан (Каспий, Арал, Зайсан көлдерінен), Ресейден шикізат сатып алынады. Жалпы, Шардара ауданы балық өсіруге қолайлы вегетациялық кезеңнің ұзақтығын екенін ескере келе, бар мүмкіндікті пайдаланған жағдайда тауарлы балық өсіру көлемін он мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік бар.