"Сырмақ шерткен сыр" шеберлік сағаты өтті

Screenshot_4.jpg

Әдет-ғұрып және салт дәстүр орталығы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Сырмақ шерткен сыр» атты шеберлік сағат өткізді.

Іс-шараның мақсаты ұмыт бола бастаған көне дәстүрлерді жаңғырту, жүннен жасалатын бұйым түрлерін, киіз басу өнерін кеңінен насихаттау.

Шеберлік сағатта

қала тұрғындарына ұмыт бола бастаған қолөнеріміз - жүн сабау, жүн бояу, шүйкелеу, киіз басудың қыр-сыры көрсетілді.

Шеберлік сағаттың бірінші күнінде әжелеріміз жүн сабау, жүн бояу, шүйкелеудің әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Шараға мәдениет мекемелері, “Үкілі”, “Көркем”, “Ақтілек” әжелер тобы, мектеп оқушылары қатысты.

Шара екі күнге ұласады. Келіп тамашалаңыздар!