Шымкентте «қызықты автобус» акциясы өтті

Screenshot_5.jpg

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы «ҚЫЗЫҚТЫ АВТОБУС» акциясын ұйымдастырды.

Қалалық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп қала қонақтары мен тұрғындарына рухани құндылығымыз кітап оқудың жаңа форматын таныстырып яғни, Әл-Фарабидің еңбектері,  Шымкент қаласы туралы өлкетану әдебиеті  және жергілікті ақын-жазушылардың 60 данадан аса кітаптарын   насихаттау мақсатында қалалық автобус №10, №17, №96, №133 маршурттар бағытында жүріп өтті.

Кітапхана қызметкерлерінің мобильді топтары қала автобустарында  QR-кодталған электронды кітаптардың үлгісін іліп, қала тұрғындарына, студент жастарға пайдалану жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Сондай-ақ, «Кітап оқитын Шымқала» буккросинг акциясы аясында Абай атындағы қалалық кітапханасымен бірге, «Мобильді QR-кітапхана» жобасының таныстырылымын Чернобыль ардагерлер аллеясында өткізді.

Жаңалыққа жаны құмар оқырмандарды заманауи QR-код қосымшасын пайдаланып, қолжетімді кітаптарды жүктеп алып оқуға шақырды.

Әл-Фараби Кітапханасы Шымкент

Шымкент Қалалық Жасөспірімдер Кітапханасы