Түлкібастықтар мемлекеттік бағдарламаның игілігін көруде
Биыл Түлкібас ауданында «Ауыл Ел-Бесігі» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет есебінен жалпы 18,3 шақырымды құрайтын 25 көше жөндеуден өтіп жатыр. Соның ішінде, соңғы жылдары тұрғындар тарапынан жиі көтеріліп келген аудан орталығына қарасты Алатау көшесі де бар. Бүгіне ұзындғы 6,3 шақырымды құрайтын көшенің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл жерде екі қабат асфальт жабындысы төселіп, тұрғындар игілігі үшін түнгі жарықтандыру шамдары орнатылады.
Сонымен қатар, биыл аудандық бюджет есебінен 21,5 шқ құрайтын 17 көше ағымдағы жөндеуден өткен. 10,5 шқ құрайтын 1 көшенің жөндеу жұмыстары келесі жылға өтпелі болып жүзеге асуда.
Бұдан бөлек аудан әкімінің өткен жылдың есеп қорытындысымен тұрғындар тарапынан түскен өтініштер негізінде 9 елді мекеннің 14,1 шқ құрайтын 10 көшеге жаңадан аяқ жол(тротуар) түсіп, ел игілігіне пайдалануға берілген.