Түлкібас: Аудан аумағындағы 16 елдімекен көшелеріне заманауи жарық шамдары орнатылды

Биылғы аудан әкімі Нұрлан Байғұттың аудан тұрғындары алдында есеп беру кездесулерінде тұрғындар тарапынан көптеп көтерілген мәселелердің бірі, елдімекен ішкі көшелеріне жарық шамдарын орнату болатын. Бұл мәселе көп ұзамай өз шешімін тапты. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес халық өтініштері биылғы жылдың жұмыс жоспарына еніп, іске асты.

image.png

Атап айтқанда, аудан аумағындағы 16 елді мекеннің халық көп шоғырланған 36 шақырымды құрайтын 19 көшесіне соңғы үлгідегі 787 жарықтандыру диотты???? шамдары орнатылып, ел игілігіне пайдалануға берілген. 

Бұл жұмыстар одан әрі жалғасын тауып, келер жылға тағыда бірқатар елдімекенді жарықтандыру жоспарланып отыр.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

#құтмекен

#Түлкібас_Түркістан