Шымкент қаласында «Orda ертегілері» кітабының тұсаукесері өтті

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында «OrdaGen» әлеуметтік-танымдық жобасының Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнаған «Orda  ертегілері» кітабының тұсаукесері өтті.  

кітап тұсаукесер.png

Тұсаукесерге Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Есенова Х. Ә., ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Қабылбек Төретайұлы, ғалым, жазушы, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Бегман Ысқақ, журналист, «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінің бас редакторы Бақтияр Тайжан, Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Тәжиева Жанат Арысбекқызы, «Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бектаева Ж. Ә., «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Абай Балажан, ақын, журналист, К. Симонов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Нармахан Бегалы, қатысты.

Мархабат.png

- «Біз мұнымен тоқтамаймыз. 2022 жылдан бастап еліміздің барлық өңірінде OrdaGen-нің ертегі кітаптарының тұсаукесерін жасауды жоспарлаудамыз. Алдағы уақытта бүлдіршіндерімізге OrdaGen-нің танымды дүниелерін ұсынып, ұлт үшін қызмет ете береміз. OrdaGen – 30-ға аяқ басқан азаматтардың Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнаған сыйлығы», -  деді өз сөзінде Ordagen жобасының директоры Парасат Танен.  

Ал іс-шара тізгінін қолға алған Іс-шараны жүргізген журналист, жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт: «Адамзаттың өмірінен әдебиетті алып тастасаң, сықырлаған ақша мен сыңғырлаған қару қалады. Ал ертегілер – әдебиеттің қайнар көзі» деп кешті қорытындылады.   

Жанар.png