Мәжіліс депутаты: «Қазақстандағы әрбір бесінші бала кедей отбасында өсіп жатыр»

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова  оқушылар арасындағы теңсіздік және сапалы білімнің бәріне бердей қолжетімді емес екенін айтты.  

2222 (1).png

Қазақстанда әрбір бесінші бала кедей отбасында өсіп жатыр. Бұл туралы мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Алматыда өткен Math Forum барысында мәлімдеді. Депутаттың сөзінше, еліміздің білім беру жүйесінде  теңсіздік бар. Мысалы, Назарбаев интеллектуалды мектептерінде оқитын әр балаға 3 млн теңге бөлінсе, жалпы білім беретін мектептердегі әр оқушыға 400 мың теңгедей бөлінеді. Бұл сапалы білім балалардың бәріне бірдей қолжетімді емес дегенді білдіреді.  

- «Кедей отбасыларда  өсіп жатқан балалардың саны  миллионға жетті. Біз олардың әр қайсысын тауып, оларға өздерін сенімді сезінуге,  көмектесуге тиіспіз. Мұндай балаларға  басқа балалармен қатар дамуына көмектесуге мүмкіндік беру керек", - деді депутат. 

Халықаралық зерттеулердің көрсеткіші бойынша, жыл сайын білім сапасының түсіп жатыр. Мемлекет салаға триллион теңге бөлген. Осы ретте депутат білім сапасын көтеру үшін жан басына қаржыландыруды енгізуді ұсынды. Бұл жүйені тек мемлекеттік қана емес, жекеменшік мектептерге енгізу керек.  

 пкркпкпрк.png

Еске салсақ, 5 желтоқсан күні Алматыда VIII Халықаралық математика, физика және информатика мұғалімдерінің форумы өтті.  

Форумға Асқар Жұмаділдаев, Мұхтар Өтелбаев, Қайрош Мәкішев, Аягүл Миразова секілді белгілі математиктер қатысты. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова мен басқа да білім беру саласының білгірлері келді. Мамандар пандемиядан кейінгі білім беру саласындағы қордаланған проблемаларды көтереді. Атап айтқанда, білім беру жүйесіндегі проблемалар, оқушылар арасындағы теңсіздік, Edtex саласындағы инновациялар,  онлайн-білім берудегі мемлекеттік тапсырыстың бөлінуі, үштілділік және тағы басқа.  

Форумда айтылған ұсыныстар жүйеленіп, «Математика пәндері мұғалімдері қауымдастығы» атынан Білім және Ғылым министрлігіне жолданады.