Жүкті келіншектерге жайлы жағдай жасалған

Screenshot_19.jpg

Оңтүстік өлкеде қазақы қаймағы бұзылмаған аудандар өте көп. Түркістан облысында бала туу көрсеткіші өте жоғары. Әсіресе отбасы құндылығы басты назардағы Бәйдібек ауданында халықтың демографиялық өсу қарқыны жоғары. 2020 жылдың қазан айында аурухананың босану бөліміне жүктіліктің 31-інші аптасында ауыр жағдайға ұшыраған ана келіп түскен. Майбұлақ ауылының тұрғыны дүниеге егіз әкелуге дайындалып жүрген. Науқастың көрсеткіштеріне сай дәрігерлер кесір тілігін жасаған. Мұндай оқиғалар босану бөлімінде жиі болып тұрады. Десек те ана мен бала өлімінің көрсеткіші төмендеген. Оған әсер еткен факторлар дәрігерлердің біліктілігінің артуы мен жаңа құрылғылардың іске қосылуы. Дер кезінде қажетті қолайлы жағдайды жасауға мүмкіндіктің болғаны. Қазақстан демографиясына үлес қосудан бұрын болашақ ана құрсағына бала біткен күннен бастап өз мойнындағы жауапкершілікті сезінуі қажет. 9 ай бойы өзімен қоса бала жанын да күту керек. Ал, жас аналар жүктілік кезеңіне аса дайындықпен келуі тиіс дейді босану бөлімінің меңгерушісі. 

Screenshot_6.jpg

– 2021 жылдың алғашқы 6 айында 170 бала дүниеге келді. Біздің акушерлік стационар екінші деңгейлі акушерлік стационар болып табылады. Біздің босану бөліміне кез келген жағдайда түскен ана мен балаға кез келген мерзімде көмек көрсетуге бар жағдай жасалған. Қазақстан Республикасында бекітілген, клиникалық протоколдарға сай қажет дәрілік заттар да, аппаратуралар да, құрал-жабдықтар да жеткілікті мөлшерде. Бізде үш босану бөлмесі бар. Қазіргі заманауи техникаларға сай. Перинаталдық нәресте дүниеге келгеннен кейін жылу тізбегі үзілмей, өзіне қолайлы жағдайда, қажет болған жағдайда реанимациялық жағдай көрсету үшін ашық ренимациялық жүйе арқылы нәрестеге көмек көрсетіледі. Бұл жерде айналадағы температурадан жоғары сәуле түсіп тұрады. Палатаға шыққан күнде де нәресте анасының үстінде жатып, тиісті температуралық тізбек сақталады. Бізде екі акушер гинеколог, екі дәрігер неанотолог, нәрестелерге қарайтын дәрігерлер бар.  Бәрі жоғары білікті мамандар. 3 балалар медбикесі бар. Олар нәрестелерге қарайды. Кесір тілігін қажет ететін әйелдер түскен кезде осы ауруханаға ортақ орталықтанған операциялық орта блогы бар. Сол жерде жасалады. Операция жасауға акушер-гинеколог дәрігерлер, хирургия бөліміндегі хирург дәрігерлер барлығы кесір тілігі операциясын меңгерген. Одан басқа қан-тамыр хирургы бар. Акушерлік қан кету кезінде қан-тамыр хирургы ішкі мықым артериясын байлау арқылы акушерлік қан кетулерді тоқтатады. Екінші деңгейлі перзентханада босанатын аналарды 34 аптадан бастап қабылдай береміз, – деді Босану бөлімінің меңгерушісі Замира Карибаева.