Оталардың шұғыл түрлерінің бәрі дерлік жасалады

Screenshot_4.jpg

Бүгінде медицина саласы күннен-күнге қарыштап дамып келеді. Бұрын ауыр оталарды, күрделі медициналық процедураларды ірі қалаларда, шетелдерде жасайтын еді. Бүгінде күрделі процедураларды облыс, аудан орталықтарында да жасай беретін болды. 

Мысалы Бәйдібек ауданындағы орталық ауруханада отаның шұғыл түрлерінің бәрі дерлік жасалады. Мәселен, Жамалбек Бисенов нейрохирургиялық операциялар жасап жүр. Дәрігер оқыс жағдайда ауруханаға түскен науқастарға шұғыл көмек көрсету барысында, аурудың белгілеріне қарай ем жасайды. Ал нақты диагноз қою үшін КТ аппараты қажет. Жоспарға сәйкес аппарат жыл соңына дейін алынбақ. Десек те бүгінге дейін сәтсіз шыққан ота болмаған екен. Бұл мамандардың мол тәжірибесі мен біліктілігінің нәтижесі. 

– Мен ауданға 2011 жылы келдім. Сол жылдан бері бас-ми жарақатымен түскен ауыр жағдайдағы науқастарды операция жасап келемін. Өз дәрежесінде көмек беріп жатырмыз. Мұнда менен кейін нейрохирург жас маман келді. Екеуміз әзірге. Компьютерлік томография аппаратын алайын деп жатырмыз. Алсақ операция көлемін ұлғайтамыз деген ойымыз бар. Бізге жедел  жарақатпен түседі. Трепанация жасаймыз ғой сосын дефектілердің орнына қайтадан жабамыз. Біз тек жедел жағдайларға жасап жатырмыз. Жарақат алғандар, апатқа түскендерге. Жыл басынан бері үш операция жасадық. Алдағы уақытта компьютерлік томография келеді. Жалпы ол отаға, тексеруге көмектеседі. Нейрохирург болып істегеніме 15 жылдай боп қалды. Жалпы хирургия саласының барлығы оңай деп айта алмаймын. Өзіндік қиындығы болады. Ауылдық жерде компьютерлік томография жоқ. Біз оның симптомдарына, клиникалық жағдайына қарап аламыз. Ал, қалада компьютерлік томографияға, МРТ-ға түсіреді. Оталарымыз сәтті шығып жатыр, – деді дәрігер-хирург  Жамалбек Бисенов.