Нұртас шағын аудан тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылды
Қаратау ауданының жаңақұрылыс аумағында орналасқан Нұртас шағынауданын инфрақұрылыммен қамту үшін биылғы жылы бірқатар жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының халықтың өмір сүруіне қолайлы әрі ыңғайлы жағдай жасау тапсырмасы негізінде жүзеге асырылуда.
Нәтижесінде бүгін Нұртас шағын аудан тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылды.
Бұл шағын ауданға жалпы ұзындығы 40,8 шақырымды құрайтын су құбыры орнатылып, тұрғындарға су беру жұмысы кезең-кезеңімен атқарылып жатыр.
Сондай-ақ, Нұртас ш/а сапалы электр қуатымен қамту жұмысы осы жылдың қазан айында басталды. Бүгінге дейін 300-ге жуық электр бағаналары орнатылған. Бірақ, нысан құрылысы 2022 жылға өтпелі. Сондықтан, нұртастықтар келесі жылы сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
Ал аталған шағын ауданды табиғи газбен қамту үшін мердігер мекеме де анықталды. Құбыр тарту жұмысы 2022 жылдың көктем айларында басталады.
Сонымен қатар, шағын аудандағы Гүлдала мен Ақбота көшелеріне көше жарықшамдары орнатылған. Жыл соңына дейін Зере көшесі де жарықтандырылатын болады.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі