Жолақысын Kaspi QR арқылы төлеуге болады
Шымкент қаласынының жолаушылар тасымалдау көліктерінде жол ақысын енді каспи қосымшасы арқылы төлеуге болады. Ол үшін валидаторда (төлем аппаратында) көрсетілген QR кодты каспи қосымшасы арқылы сканерлесеңіз жеткілікті. Бұл қызмет түрін егер сіз қолма-қол төлем жасағыңыз келмесе немесе төлем карточкаңызды үйде ұмытсаңыз QR код арқылы оп-оңай төлем жасай аласыз.
Төлем жасалғаны туралы электронды билетті контролерға міндетті түрде көрсету маңызды.
QR код арқылы жол ақысын төлеген жағдайда жолақысы бірыңғай 70 тг екенін ескертеміз. Оқушылар мен студенттер валидаторға тек Төлем картасын тигізуі арқылы ғана өз тарифтерімен (35, 50 теңге) төлем жасай алады.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы
Кейінгі: Тәуелсіздік тағылымы