Шардаралықтар профилактикалық тексеруден өтті

Screenshot_9.png

Шардара ауданының тұрғындары жылжымалы медициналық кешен арқылы профилактикалық тексеруден өткізілді. Атап айтсақ, 300-ге жуық ауыл тұрғындарын онколог, маммолог, хирург, терапевт, кардиолог, гинеколог, невролог және эндокринолог дәрігерлері қарады. Сондай-ақ ауыл тұрғындары ауру шағымына қарай УЗД, ЭКГ және рентген аппараттарында тексеріліп, қандағы қант деңгейлері анықталды.

Тексеру барысында онкологияға күдікті 2 ауру анықталып, диагнозды нақтылау үшін цитологиялық зерттеу алынды. Бұл науқастар әрі қарай толық тексеруден өткізіліп, облыстық диспансерге жолданатын болады.