«Сары» аймақта 1 қала мен 1 облыс қана қалды

Screenshot_10.png

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2022 жылғы 26 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

«Қызыл» аймақта: 

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан облысы. 

«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан облыстары. Айта кетейік, кеше 25 ақпанда «сары» аймақта тұрған Павлодар облысы бүгін «жасыл» аймаққа өтті.